English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Куба астанасының орталығындағы қонақүйде күшті жарылыс болды
11:31 / 2022-05-07

Куба астанасы Гавана қаласындағы Саратога қонақүйінде күшті жарылыс болып, 20-дан астам кісі қаза болған.

Euronews-тің хабарлауынша, қаза тапқандар арасында бір бала бар. 60-тан астам зардап шеккен жан ауруханада жатыр. Құтқарушылар үйінді астында әлі де адамдар болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды, бірақ жаңа жарылыстар қаупінен іздеу жұмыстары кешігуде.

Эрос Баррозо, дәрігер:

«Біз үйінділер астында қалуы мүмкін адамдарды іздеуді тоқтатқан жоқпыз, бірақ газ қоймасының кесірінен іздестіру мүмкін болмай тұр, бұл біздің барлық әрекеттерімізге қауіп төндіреді. Біз тағы бір қайғылы оқиғаны тудырмай, адамдарды құтқарғымыз келеді».

Бұл қуатты жарылыстың ең ықтимал себебі газдың шығуынан болуы мүмкін. Болжам бойынша, бұл автоцистернадан ғимараттың су қоймасына газ айдау кезінде болған. Бұл жергілікті уақыт бойынша жұма күні таңертең болған.