Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Куала-Лумпурде Өзбекстан - Малайзия бизнес-форумы өтті
10:16 / 2021-10-19

Куала-Лумпур қаласындағы Өзбекстан елшілігінде Малайзия іскер топтарының өкілдерінің қатысуымен Өзбекстан - Малайзия бизнес-форумы өтті.

Dunyo агенттігінің дерегінше, іс-шара барысында Малайзия өкілдері Өзбекстанда жасалған қолайлы кәсіпкерлік жағдай, іскерлік ортаны жақсарту бойынша ауқымды реформа, еркін экономикалық аймақтардың қызметі, экспорттық әлеует, оның ішінде жаңа халықаралық көлік дәлізін анықтау, отандық өнімді сыртқы нарықта насихаттау туралы жүзеге асырылып жатқан шаралары туралы нақты ақпартпен танысты. 

Форум қатысушылары Өзбекстанда экономиканы ырықтандыру мен іскерлік ортаны жақсарту үшін жүргізіліп жатқан реформаларды жоғары бағалап, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, атап айтқанда, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға және өзбек өнімдерін Малайзияға экспорттау мүмкіндігіне үлкен қызығушылық білдірді.

Бизнес-форум қорытындысына орай 2022 жылы наурызда Хорезм облысы мен Ташкентте бірлескен Өзбекстан-Малайзия бизнес-форумын ұйымдастыру, Малайзия нарығына Өзбекстан өнімдерінің экспортын кеңейту үшін малайзиялық кәсіпкерлер делегациясының жұмыс сапарын ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді.