Куала-Лумпур метросында пойыздардың соқтығысуы салдарынан 166 адам зардап шекті
Малайзия астанасы Куала-Лумпур метросында екі пойыздың соқтығысуынан кем дегенде 166 адам жарақат алды. Олардың 47-сінің жағдайы өте ауыр.
Ел көлік министрі Ви Ка Сионның айтуынша, оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 20:33-те болған. Пойыздардың бірінде жолаушылар, ал екіншісінде сынақтан өткізіліп жатқан (бос тұрған) болған. Министр соқтығысу кезінде бірінші пойызда 232 жолаушы болғанын айтқан, Malay Mail агенттгі хабарында.
Соқтығысу салдары қазірге белгісіз. Осы көңілсіз жағдайдан ауыр жарақат алған 47 адам ауруханаға жеткізіліп, қалған жолаушыларға оқиға орнында көмек көрсетілген.