Batik Air әуе компаниясы жыл соңына дейін Куала-Лумпур мен Ташкент қалалары арасында тікелей рейстерді ашпақ.
Малайзияның New Straits Times басылымында жарияланған ақпаратқа сай, Batik Air әуе компаниясының стратегиялық даму жөніндегі директоры Чандран Рама Мути әуе компаниясының Малайзия мен Өзбекстан арасында аптасына үш рет ұшуды жоспарлап отырғанын және алғашқы рейс биылғы жылдың қараша немесе желтоқсан айларында басталатынын айтқан.
Чандран Рама Мутидің The New Straits Times тілшісіне берген сұхбатында, қазір Batik Air Ислам Каримов атындағы Ташкент халықаралық әуежайының басшылығымен келіссөздер жүргізіп жатыр және рейстерді бастауға рұқсат күтуде.
«Ташкент Қазақстанның Алматы қаласымен салыстырғанда үлкенірек нарық. Біз Ташкент халықаралық әуежайымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Ташкент халықаралық әуежайы Өзбекстандағы ең ірі халықаралық әуежай болып табылады және 2019 жылы жолаушылар ағыны бойынша Орталық Азия әуежайлары арасында үшінші орынды иеленді», - дейді Чандран Рама Мути.