Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы LTA-ға 1 миллион доллар айыппұл салды
Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) Ұлыбритания теннис қауымдастығына (LTA) 1 002 794 доллар айыппұл салды.
Бұған британдық тараптың ресейлік және беларусь теннисшілерін өз аумағында өтетін ATP турнирлеріне қатыстырмауы себеп болған. Жағдай қайталанса, британдық теннисшілердің өздері барлық жарыстардан шеттетіледі.
Осы шеттетуге байланысты ресейлік және беларусь теннисшілерін LTA-ның бес ATP турниріне қатысалмаған: «Queen's Club», «Eastbourne», «Surbiton», «Nottingem» және «Ilkley».