Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Көрші елдерден оқуын Өзбекстанға ауыстырғысы келетін студенттер назарына!
12:08 / 2020-12-16

Көрші елдер ЖОО-да білім алып жатқан студенттер оқуын қысқы семестр кезінде Өзбекстан Республикасының жоғары оқу орындарына ауыстыру мүмкіндігі мына талаптарды орындау арқылы жүзеге асыралады.

Өзбекстанның Дүниежүзілік жастар қауымдастығының баспасөз қызметінің хабарынша, студенттер оқуын көшіруге нақты себептер бойынша жүзеге асыруы мүмкін, атап айтқанда:

  • Республиканың бір бөлігінен екіншісі аймағына тұрақты тұру үшін немесе тұрмысқа шығуына байланысты жұбайының тұрақты мекенжайына;
  • төлқұжат бойынша тұрақты тіркелген аумаққа көшу кезінде;
  • жұбайы немесе ата-анасы әскери қызметтің орнын ауыстырған кезде яки болмаса ата-анасы (жұбайы) шетелде мемлекеттік қызметтен оралғанда) көктемгі семестрде оқу басталғанға дейін орындау.

-Бұл жағдайда оқуды ауыстыру туралы өтініш - әр жылдың 20 желтоқсанынан келесі жылдың 20 қаңтарына дейін;

-Оқуды ауыстыруға өтінішті қарау және шешім қабылдау - жыл сайын 25 қаңтардан 15 ақпанға дейін жүзеге асырылады.

Осыған байланысты қысқы семестрде шетел және көрші елдерден оқуды ауыстырғысы келетін студенттер оны жоғарыда көрсетілген жағдайларда ғана орындай алады. Мұндай себеп көрсете алмаған студенттер жыл сайын оқуын Өзбекстанға көшіру үшін 15 шілде мен 5 тамыз аралығында өтініш беруі керек.