Өзбекстандағы жоғары оқу орындарына шетелдегі университеттерден оқуды көшірудегі нақты балл деңгейі белгілі болды.
Жоғары және арнайы орта білім министрлігінің мәліметі бойынша, Өзбекстан азаматтары шет мемлекеттегі оқуын жергілікті ЖОО-ға көшіруде екі пән бойынша тест тапсырады. Осы тесттік емтиханда министрлік бекіткен максималды балдың 35 пайызын (66,1 балл) жинай алған студент Өзбекстандағы өзі таңдаған білім жұртында ақылы түрде оқуын жалғастырады.
Шетелдік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындарынан оқуын көшіру бойынша өтетін арнайы емтиханда жинау қажет болған максималды балл саны - 189 балл.
Сондай-ақ, 2021-2022 жаңа оқу жылынан бастап оқуды көшіруде өту баллын жинай алмаған студенттер үшін арнайы келісімшарттық оқыту жүйесі енгізілді. Емтихан процесін МТО (мемлекеттік тест орталығы) жүргізеді және үміткер студенттер емтихан шығындары үшін белгіленген сомманы төлейді.