Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Кристофер Нолан рыцарь атағымен марапаттады
17:42 / 2024-12-21

Ұлыбритания корольі Чарльз III режиссер Кристофер Ноланды «киноиндустрияға қосқан ұлы үлесі үшін» рыцарь атағымен марапаттады.

Режиссердің жұбайы әрі продюсері Эмма Томасқа да леди атағы берілді. Букнгем сарайы отбасылық киножұптың еңбек нәтижесінде «Қара рыцарь» трилогиясы мен «Оппенгеймер» фильмдері түсірілгеніне назар аударды.

Нолан журналистермен әңгімесінде өзінің фильмдерінен Чарльз III хабардар екенін білгенде қуаныштан көзі жайнағанын жасырмады. Режиссердің пікірінше, блокбастерлерді көбірек түсіру үшін король оған рыцарь атағын берген.

«Ол (король) «Оппенгеймерді» көріпті, фильм оған ұнаған. Мұны есту өте жағымды», — деді режиссер.

Еске сала кетейік, өткен жылғы «Оскар» марапаттау рәсімінде «Оппенгеймер» жеті номинацияда жеңімпаз атанды: ең үздік фильм, екінші пландағы ең үздік ер адам рөлі (Кіші Роберт Дауни), үздік монтаж, үздік операторлық жұмыс, үздік саундтрек, үздік режиссура (Нолан сегіз номинациядан соң алғашқы алтын мүсінді жеңіп алды). «Оппенгеймерде» басты рөлді сомдаған Киллиан Мёрфи «үздік ер адам рөлі» үшін «Оскар» мүсіншесін иеленген еді.