«Кристал Пэлас» Англия Суперкубогы иегері атанды
Ағылшынның «Кристал Пэлас» клубы жаңа маусым алдынан Англия Суперкубогы иегері атанды.
Лондондағы әйгілі Уэмбли алаңында өткен финал кездесуінде «Кристал Пэлас» мерсисайдтық «Ливерпуль» клубымен негізгі уақытта 2:2 есеібнде тең нәтиже көрсетті. Ал эстратаймда да есеп ашылмады. Пенальтилер сериясында «Кристал Пэлас» 3:2 есебінде жеңіске жетті.
Осылайша «Кристал Пэлас» тарихындағы ең жоғары деңгейдегі екінші трофейге қол жеткізді. Бұған дейін команда 2024/25 жылғы маусымда Англия кубогын жеңіп алған еді.
Оған дейін «Кристал Пэлас» тек Англияның төменгі дивизиондарында ғана жеңіске жеткен. Сондай-ақ клуб 1990/91 жылғы маусымда «Толық мүшелер кубогын» (Full Members' Cup) да иеленген.