Криштиану Роналду тағы бір халықаралық сыйлық иегері атанды
Футбол тарихы және статистикасы федерациясы Роналдуға «World's Best Top Goal Scorer 2019» халықаралық сыйлығын табыстады
«Ювентус» шабуылшысы португалдық сұрмерген Криштиану Роналду Футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) тарапынан «World's Best Top Goal Scorer 2019» халықаралық сыйлығына ие болды.
Рони бұл жөнінде өз «Instagram» парақшасында «Мен IFFHS World's Best Top Goal Scorer 2019 халықаралық сыйлығын жеңіп алғаныма қуаныштымын», - деп жазба қалдырған.
IFFHS жеңімпазды футболшының жыл бойына ұлттық және клубтық деңгейдегі халықаралық матчтарда соққан голдарының санына қарай анықтайды. Айта кету керек, Роналду бұл сыйлықты өз кезеңінде 5-ші рет иемденуде, бұған шейін 2013, 2014, 2016 және 2017 жылдары осы марапатқа лайық деп табылған.