Криштиану Роналду орынсыз әрекеті үшін жазаланды
Сауд Арабиясы Лигасының Этика және тәртіп комитеті «Ал-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналдуды «Аш-Шабаб» жанкүйерлеріне жасаған ишарасы үшін жазалау туралы шешім қабылдады.
Еске салайық, Роналду өзіне «Месси» деп айқайлаған қарсылас жанкүйерлеріне ұятсыз қимыл жасаған еді.
Осы жағдайға байланысты Роналду бір ойынға шеттетіледі, сонымен қатар 2600 доллар айыппұл салынады. Сондай-ақ португалдық шабуылшы «Аш-Шабаб» клубына 5300 доллар төлеуі керек.
Осылайша, Роналду 29 ақпанда өтетін Сауд Арабиясы чемпионатының «Ал-Хазма» клубына қарсы ойынға қатыса алмайды.
Сауд Арабиясы Про-Лигасының биылғы маусымында 38 жастағы Криштиану Роналду 20 ойын өткізіп, 22 гол соқты және 9 нәтижелі пас берді.