Португалдық әйгілі сұрмерген Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтед» клубының футболшысы атанды.
Ағылшын клубы 36 жастағы шабуылшы туралы келісімге қол жеткізілгенін хабарлады. Трансфер құны 25 миллион еуроға бағаланған болып, «Манчестер Юнайтед» бұл соманы Турин клубына екіге бөліп төлейді.
Бұған дейін «Манчестер Сити» Роналдуға негізгі үміткер болды, бірақ ойыншы бұрынғы клубынан ұсыныс алғанда, «Қалалықтармен» келіссөздерді тоқтатуға шешім қабылдаған. БАҚ-тың дерегінше бұл жағдайға Рониді ең алғаш «қызыл құбыжықтар» сапына әкелген футбол аңызы Сэр Алекс Фергюсонмен бірге сұхбатынан кейін орыналған.
Португалиялық ойыншының келісімшарты 2023 жылға дейін жасалған. БАҚ мәліметіне қарағанда оның жылдық жалақысы 25 миллион фунт стерлинг.
Роналду 2003-2009 жылдар аралығында «Манчестер Юнайтед» сапында өнер көрсеткен. Ол жерден «Реалға» (2009-2018 жж.), сосын «Ювентуске» ауысқан болатын.