Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Криштиану Роналду Манчестер қаласында 4 жұлдызды қонақ үй құруды жоспарлауда
13:08 / 2020-08-24

«CR7 Pestana» брендтік атауымен бой көтеретін бұл зәулім ғимараттың жалпы құны 27 миллион фунтды құрайды


Португалиялық футбол жұлдызы Криштиану Роналду жасыл алаңдағы табыс көзінен бөлек жеке бизнесіндегі қонақ үйлер қатарын тағы бірімен толықтырмақ.

Ол бірнеше жылдан бері «Pestana» туристік компаниясымен бірге жұмыс істеп келеді. Олардың алдағы жоспары бойынша 2023 жылы Англияның Манчестер қаласында 11 қабатты 4 жұлдызды қонақ үй салуды көздеген.

«CR7 Pestana» брендтік атауымен бой көтеретін бұл зәулім ғимараттың жалпы құны 27 миллион фунтды құрайды. Жобаға сай онда 151 нөмірлі бөлме, спорт зал және қонақ үй төбесінің үстінгі қабаты кафе мен барға болмақ.

Қазргі кезде Криштиану Роналдуға тиесілі «CR7 Pestana» брендтік атауымен даңқты қонақ үйлер желісі Лиссабон, Мадрид және бірнеше қалаларда қызмет көрсетіп келеді.