Криштиану Роналду коронавирус жұқтырды
«Ювентус» шабуылшысы португалдық сұрмерген Криштиану Роналду коронавирусты жұқтырды
«Ювентус» шабуылшысы португалдық сұрмерген Криштиану Роналду коронавирус жұқтырды.
Португалия ұлттық құрамасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 35 жастағы шабуылшының COVID-19 індетіне қарсы тапсырған сынамасының нәтижесі оның вирус жұқтырғандығын көрсеткен. Соған байланысты Роналду Ұлттар лигасындағы турнир аясында Швеция құрамасымен болатын кездесуде алаңға шықпайды.
Футболшының ауру белгілері симптомсыз болып ол қазірдің өзінде оқшауланған. Осы жағдайдан кейін Португалия құрамасында команда ойыншылары коронавирусқа бірнеше рет сынақ тапсырған. Дегенмен басқа бірде-бір футболшыда вирус белгілері анықталмаған.