Криштиану Роналду ХХІ ғасырда ұлттық лигаларда өткіізген кездесулерінде ең көп гол соққан сұрмерген атанды.
Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) ХХІ ғасырда ұлттық лигаларда ең көп гол соққан ойыншылардың рейтингін жасақтаған болып, онда футболшылардың 2001 жылдан 2020 жыл аралығында соққан голдары есептелген.
Осыған орай Туриндік «Ювентус» клубының шабуылшысы португалиялық Криштиану Роналду 462 соққан голымен рейтингте көш бастап тұр.
«Барселона» шабуылшысы Лионель Месси 451 голмен екінші орынға жайғасқан болса, күшті үштікті «Милан» шабуылшысы Златан Ибрагимович қорытындылаған (379).
ХХІ ғасырда ұлттық лигаларда ең көп гол соққан ойыншылардың ТОП-10 рейтингі:
1. Криштиану Роналду — 462 гол
2. Лионель Месси — 451
3. Златан Ибрагимович — 379
4. Луис Суарес — 332
5. Александар Журич — 304
6. Али Ашфак — 287
7. Роберт Левандовски — 285
8. Самюуэль Это′О — 282
9. Давид Вилья — 280
10. Мартин Камбуров — 278