Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Криштиану Роналду футбол тарихында тағы бір рекорд орнатты
12:51 / 2021-05-13

Португалддық сұрмерген Криштиану Роналду футбол тарихында тағы бір рекорд орнатты.

«Ювентус» клубы шабуылшысы Италия А Сериясындағы 36-тур аясында «Сассуолоға» қарсы кездесуде гол соқты. Бұл португалиялық үшін туриндіктер сапындағы 100-ші голы. Осылайша Роналду түрлі елдер чемпионатындағы үш клубта 100 және одан көп гол соққан футбол тарихындағы алғашқы шабулышыға айналды. 

Рони «Манчестер Юнайтед» клубы сапында 118 гол соққан болса, «Реал» қатарында 450 голға иелік етті. Сондай-ақ, оның еншісінде Португалия құрамасының ресми ойындарында алаңға шығып қарсылас команда қақпасына 103 гол соқты.

36 жасты сұрмерген «Ювентуста» 100 гол соғуға аз уақыт жұмсаған клуб тарихындағы алғашқы ойыншыға айналды. Ол бұл нәтижеге үш маусымда қол жеткізді. Ал, Роберто Баджо мен Омар Сивори бұл шыңды 4 маусымда бағындырған.

Роналду А сериясындағы биылғы маусымда 32 кездесуде алаңға шығып 28 гол соқты және үздік бомбардирлер тізімінде көш бастап тұр.