Криштиану Роналду Еуропада онжылдықтың үздік футболшысы атанды
«Ювентус» клубы және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Еуропада онжылдықтың үздік футболшысы атанды.
Халықаралық футбол тарихы және статистика федерациясы (IFFHS) Еуропа жасыл алаңдарында өнер көрсеткен онжылдықтың үздік футболшылар рейтингін жариялады. УЕФА-ға мүше елдердің 2011-2020 жылдар аралығындағы үздік ойыншыларына негізделген рейтингте португалдық сұрмерген үздік деп табылған.
Екінші орында «Реал» және Испания құрамасының қорғаушысы Серхио Рамос, үшінші орында «Бавария» клубы мен Германия құрамасының қақпашысы Мануэль Нойер орын алған.
IFFHS нұсқасы бойынша онжылдықтағы ең жақсы клуб жаттықтырушысы Атлетиконың бас бапкері Диего Симеоне болды.
Бүгінде 35 жастағы аладоп шебері Криштиану Роналду бұған дейін Globe Soccer нұсқасы бойынша ХХІ ғасырдың үздік футболшысы атанған еді.