Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Криштиану Роналду ең үздік рекордшы атанды
12:14 / 2021-09-02

Португалия құрамасының сардары Криштиану Роналду ұлттық құрама сапында ең көп гол соққан әлем рекордшысы атанды.

36 жасты сұрмергеннің құрама команда қатарында ойын көрсетіп, қарсылас команда қақпасына соққан голдар саны 111-ге жетті. Ол соңғы екі рекордты голды Ирландияға қарсы өткен кездесуде соқты. Бұған дейінгі әлемдік рекорд Иран футбол аңызына айналған Али Даийге тиесілі еді. Али парсылар сапындағы өткізген кездесулерде қарсылас команда қақпасына 109 гол соққан.

2022 жылғы Әлем чемпионатының Еуропа құрлығындағы іріктеу кезеңінде Португалия мен Ирландия (2: 1) кездесуінде алаң иелері 89 және 90 + 6 -минуттарда Криштиану Роналду соққан голдардың арқасында жеңіске жетті.

Осылайша Роналду ұлттық құрама сапында ең көп гол соққан әлем рекордшысы атанды. Енді оның алдағы ойнадарда соққан әрбір голы рекордты бола бермек.