English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Криштиану Роналду «Ан Наср» клубына өтіп, тарихта ең көп жалақы алатын футболшы атанды
13:28 / 2022-12-31

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабияның «Аль-Наср» клубымен келісімшартқа отырды.

37 жастағы сұрмерген Сауд Арабиясы клубымен келісімшарты 2025 жылдың жазына дейін. Португалиялық футболшының жылдық жалақысы коммерциялық және дипломатиялық қызметтерді қосқанда 200 миллион еуроны құрайды.

Marca басылымының дерегінше, Роналду футбол тарихындағы ең көп жалақы алатын футболшы атанды.

«Бұл біздің көз алдымызда болып жатқан тарих. Бұл белгі біздің клубтың ғана емес, сонымен қатар лиганың, ұлттың, болашақ ұрпақтың өздерінің ең жақсы нұсқалары болу үшін жаңа жетістіктерге шабыттандырады», - деп әлеуметік желіде жазба қалдырды Роналду.

Еске сала кетсек, 2022 жылғы Әлем чемпионатының алдында Криштиану Роналду АПЛ-дің «Манчестер Юнайтед» клубымен өзара келісімшартты тоқтатқан болатын.