Өзбекстанның крикет федерациясы мен Пәкістанның крикет кеңесі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, Лахордағы кездесуде Өзбекстанның крикет федерациясының төрағасы Азиз Михлиев пен Пәкістанның крикет кеңесінің төрағасы Рамиз Роджа Өзбекстанда крикеттің зияткерлік дамуы туралы меморандумға қол қойды. Осыған орай, енді Пәкістанның крикет кеңесі осы спорт түрінен Өзбекстанда оқу-білім беру жұмыстарын өткізеді. Онда негізінен жаттықтырушылар мен крикетшілердің біліктілігін арттыру үшін оқу-жаттығулар өтілмек.
Сонымен қатар, кездесуде Өзбекстан крикет федерациясы мен Пәкістан крикет кеңесі арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланып, екі ұйым арасында тәжірибе алмасуды жолға қоюға келісілген.
Арнайы бағдарламаға сәйкес, Пәкістан крикет кеңесі пәкістандық мамандарды Өзбекстанға жібереді, онда олар кезеңімен төрешілік және бапкерлік курстарын, әр түрлі деңгейдегі практикалық және теориялық жаттығуларды өткізеді. Сонымен қатар, Пакістанның Лахор қаласындағы крикет ұлттық орталығында әр түрлі жастағы командаларға арналған оқу-жаттығу жиындары өтеді.