Күрес спортында «IKA Registration System» іске қосылады
Халықаралық күрес қауымдастығы жаңа «IKA Registration System» құру бойынша зерттеулер жүргізуде.
Бұл туралы бірлестіктің баспасөз қызметі хабарлап, алдағы уақытта халықаралық күрес қауымдастығының жарыстарына қатысушылар онлайн тіркелу арқылы чемпионаттар мен ресми турнирлерге қатыса алады.
«IKA Registration System», жүйесінде тіркеуден өту, қонақ үй және келу кестесі туралы ақпаратты енгізу арқылы сынақ ретінде тесттік режимге дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жүйені барлығына оңай және түсінікті, пайдаланушыларға ыңғайлы ету үшін әртүрлі көзқарастар мен ұсыныстар зерттелуде.
Бұл жүйе осы жылдың қазан айында Италияда өтетін Еуропа чемпионатында ресми түрде іске қосылады деп жоспарланған.