Жаңадан сайланған президент Родриго Чавес Роблес ант беріп, қызметіне кірісті.
La Nacion газетінің хабарлауынша, салтанатты шара республика парламентінде өкіп, оған әртүрлі елдер мен халықаралық ұйымдардан 100-ге жуық делегация шақырылған.
Ұлықтау рәсімінде ол елдегі экономикалық, қаржылық және басқа да құлдырауларға жол бермеуге уәде берді.
60 жастағы президент өмірінің көп бөлігін экономист ретінде Дүниежүзілік банкте жұмыс істеген. 2019 жылы ол отанына оралды және күздің соңында Альварадо үкіметінде Қаржы министрі болды, бірақ 2020 жылдың мамырында ол мемлекет басшысымен келіспеушіліктерге байланысты отставкаға кеткен болатын.
2021 жылдың жазында Чавес центристік Социал-демократиялық прогресс партиясынан президенттікке кандидатурасын ұсынғанын жариялады. Осы жылдың 6 ақпанында өткен сайлаудың бірінші кезеңінде ол Ұлт-азаттық партиясының өкілі Хосе Фигерестен жеңіліп, екінші орын алғанымен, 3 сәуірде өткен екінші турда 52,8 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті.
Сайлау науқаны барысында Чавес жаңа жұмыс орындарын ашуға, көбірек инвестиция тартуға, сыбайлас жемқорлықпен күресуге және әлеуметтік шығындардың тиімділігін арттыруға әрекет жасайтынын айтқан.