Коронавирусты жұқтырғандар саны 100 мыңнан асты
Вирустың климаттың өзгерісіне байланысты оның даму динамикасы бойынша өзгерісінің нақты дәлелдері жоқ
Күні кеше ғана қытайлық ғалымдар мутацияға ұшыран індеттің екі түрлі әдісте адам ағзасына әсер етуші вирустың тарау аймағы ауқымдап оны жұқтырғандар саны соңғы дерек бойынша 102 188 жанға жеткен.
Ал осы індеттің жаз мезгіліне келіп жер бетінен жойылып кетер деген болжамды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жоққа шығарған. Өйткені атаулы вирустың климаттың өзгерісіне байланысты оның даму динамикасы бойынша өзгерісінің нақты дәлелдері жоқ деп, бірақ оның таралу ерекшелігі сақталып қалуы мүмкіндігі жоғары екендігін айтқан.
Соңғы ақпаратқа сай әлемде қаза тапқандардың жалпы саны 3491-ге жетіп, ауруды жеңген 57 389 кісі тіркелген. Иран (4747) мен Италияда (4636) бұл індеттің тарау аймағы кеңейіп барады. Кеше Иран аурулар саны бойынша Италиядан артта тұрған болса бүгінгі есепте Италиядан алда келеді