Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Коронавирустың таралуы мен қаупі халықаралық төтенше жағдай деп жарияланды
12:27 / 2020-01-31

Соңғы деректер бойынша бір күн ішінде обадан көз жұмғандар саны 43-ке жетіп жалпы 213 жан құрбан болған


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 2019-nCoV коронавирустың дерті халықаралық деңгейде қауіпті екенін жариялап әлемнің барлық елдері вирусқа қарсы күресті қолға алу керектігін айтты.

Женевада өткен жиында ДДСҰ директоры Тедрос Адханом Гебрейесус «Мен коронавирустың кең түрде тарауын халықаралық төтенше жағдай деп жариялаймын. Бұл коронавирустың түрі медицинасы әлсіз елдер аумағында тараса, оның соңы нендей жағдайға әкеп соғарын білмейміз. Біз әлем елдерінің осындай жағдайларға дайын болуына көмектесу үшін қазірден шара қолдануымыз керек», деді ол.

Ұйымның шешімі бойынша Қытай билігі бұл індетті тоқтатуға қауқары жетеді, алайда әлемнің басқа елдерінің денсаулық сақтау жүйесі бұл вирусқа төтеп берер алмауы мүмкіндігінен шошуда. Сондықтан қатаң түрде бақылдауды күшейту үшін әлемде оның деңгейін халықаралық дәрезедегі тотенше жағдай деп жариялаған. 

PRaibZ985uVqwmHoUYAVBX5YA7EHbZ_1.jpg

Соңғы деректер бойынша бір күн ішінде обадан көз жұмғандар саны 43-ке жетіп жалпы 213 жан құрбан болған. Ал оны жұқтарғандар саны 10 000-ға жуықтады. Қазірде бұл індеттен сауыққандар саны да 187 кісіге жеткен.