Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Коронавирустың салдарынан алтын бағасы рекордтық деңгейге көтерілді
09:17 / 2020-02-25

Сарапшылардың пікірінше аурулар Италия, Оңтүстік Корея және Иранда басталғаннан кейін алтын бағасы қымбаттай түскен


Коронавирустың ауқымы тым ұлғайғаны әлемдік нарыққа өз әсерін тигізуде. Өйткені 2013 жылдан беріге мұндай қарқын мен көтерілмеген алтынның бағасы қазіргі күнге келіп әлемдік биржада 2,74 пайызға өсіп, 1 689 долларды құрады.

Бұл Қытайдан шыққан вирустың тарауымен байланысты бағасы артқан аз санды өнімнің бірі. Себебі ең қымбат саналушы Brent маркалы мұнайдың бағасы 3,5 пайызға төмендеп, бір баррельі үшін 56,5 долларға дейін түскен.

Бірқатар халықаралық биржаларда баға белгілеулердің төмендеуі байқалды. Коронавирустың әлемдік экономикаға әсері туралы халықаралық сарапшылардың пікірінше аурулар Италия, Оңтүстік Корея және Иранда басталғаннан кейін күшейе түскен.