English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Коронавирустың Орталық Азияға қаупі қай деңгейде
16:46 / 2020-01-30

Бір ай ішінде әлемнің бірнеше елінде бұл ауруды жұқтырған азаматтардың анықталғаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын алаңдатып отыр


Бүгінде жаханға қауіп төндірген коронавирустың қайнар көзі болып тұрған Қытайдың Ухань қаласында әлемнің көптеген азаматтары карантинге байланысты өз еліне қайта алмай отыр. Тіпті әуе компаниялары Қытайға ұшу бағыттарын тоқтатып, жолаушыларға белет ақшасын кері қайтаруда.

Бір ай ішінде 170 жанның өмірін қиған тәжівирустың ауқымы кеңейгені соншалық әлемнің бірнеше елінде мұны жұқтырған азаматтардың анықталғаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын алаңдатып қана қоймай вирустың деңгейі орташа емес ең жоғары деген шешімге келуіне әкеп соқты. Бұл жағдай Орталық Азия елдеріне қалай әсер етуде. Аймақта орналасқан елдер Қытайдан тараған тәжівирусынан қорғанудың қандай амалын жасауда. 

Өзбекстан. Қазірде ел аумағында мұндай вирустың белгілері анықталмаған. 28 қаңтарда Премьер-министр Абдулла Арипов Қытайдағы коронавирустың жаңа түрінің алдын алу үшін шұғыл кеңес өткізіп, індетке қарсы барлық шараны көру жайлы тапсырмалар берген. Бүгінде Өзбекстанның 72 азаматы(студент) Уханьда болып олар консулдық қызметімен тығыз байланыста. Мүмкіндік болған кезде бірден елге қайтарылмақ.

Қазақстан. Қытаймен шекаралық аймақтар жабылып, ұшақ сапарлары тоқтатылған. Коронавирустың белгілері ел аумағында анықталмаған. Премьер-министр орынбасары Бердібек Сапарбаев коронавирусқа қарсы күресу үшін 1,5 млрд доллар қаржы бөлінгені жайында айтып, Қытайдағы қалған азаматтардың елге қайтару үшін келіссөздер жүргізіп жатқанын айтқан. Бүгінде Қазақстанның 400 азаматы(студент) Ухань қаласында.

Тәжікстан. Соңғы мәліметтер бойынша, Қытайда тәжік азаматтары арасында жаңа коронавирус жұқтырған жағдайлар тіркелмеген. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон жауапты органдарға шекарада, шекара бекеттерінде және коронавирустың таралуы мүмкін болған басқа жерлерде бақылауды күшейтуді тапсырған. Тәжікстан СІМ хбарынша Уханьда 46 тәжік студенті бар.

Қырғызстан. Қырғызстан коронавирус қаупіне байланысты Қытаймен жер шекарасын 23 қаңтарда түгелдей жапқан. Премьер-министр Мұхаммедкали Абылгазиевтің айтуынша Қырғызстанда коронавирус жағдайын бақылау жөніндегі жедел штаб құрылып, қауіпсіздікті ескере медициналық қоймада 3,5 миллион маска, шприцтер мен антибиотиктер бар екендігін мәлімдеген.

Түркіменстан. 20 қаңтарда төтенше эпидемияға қарсы комиссияның мемлекет аумағын жұқпалы аурулардан қорғау, тарау және қорғану мәселелері бойынша отырыс өткен. Қазірде онда Қытайдағы вирусқа қарсы аса бір ауқымды шаралар жайлы ақпарат таралмаған.