Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Коронавирустың мю штаммы антиденеге төзімді екені хабарланды
16:12 / 2021-09-06

АҚШ-тың жұқпалы аурулар жөніндегі бас маманы Энтони Фаучидің айтуынша коронавирустың мю штаммы антиденеге төзімді қасиетке ие екенін айтты.

Cbsnews-тің дерегінше, мю штамм деп аталатын коронавирустың B.1.621 нұсқасы 2021 жылдың қаңтарында Колумбияда анықталған болып, қазірде ол әлемнің 40 елде тіркелген. Індеттің бұл түрі мамандардың алаңдаушылығын туғызуда.

Энтони Фаучидің мәліметіне қарағанда мю штаммында антиденелерге төзімді қасиеті бар бірқатар мутациялар бар. Дегенмен, қазіргі уақытта мю штаммы аса қауіпті емес, бәрақ вирустың дельта штаммы АҚШ-та қауіпті болып тұрғанын айтқан.

Ғалымдар қазіргі уақытта коронавирустық мутацияларды үйренуде мұқият бақылау жүргізуде.