Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Коронавирусты бір минут ішінде жоятын құрал жасалды
00:50 / 2021-01-28

Түркияның Бурса қаласындағы Улудаг университетінің микробиология бөлімінің ғалымдары SARS-CoV-2 коронавирусын бір минут ішінде жоятын спрей жасады.

Daily Sabah газетіндегі ақпаратқа сай,зерттеушілердің айтуынша, Genoxyn спрейі әмбебап болып табылады және әртүрлі патогендердің, соның ішінде вирустар мен бактериялардың көбеюіне жол бермейді. Оны профессор Шехиме Гулсун Темель және Ахмет Юмит Сабанчи және Гюнейт Озакин докторлар әзірлеген.

Антибактериалды құралды дамыту COVID-19 пандемиясынан бұрын басталған, кейіннен ғалымдар мұрын және ауыз қуысының спрейлерін вирусқа қарсы күрес үшін оны жақсартқан. Препарат нанотехнология арқылы жетілдірілгеннен кейін оның әсері тұрақты болып, белгілі бір молекулаларға ұзақ мерзімді әсер ете бастады дейді ғалымдар. Спрей тек COVID-19-ға ғана емес, сонымен қатар әртүрлі бактериялар мен саңырауқұлақтарға қарсы жоғары тиімділік көрсеткен.