Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Коронавирусты 10 секундта анықтайтын құрылғы жасалды
00:43 / 2021-01-05

Анкарадағы Билкент университетінің ғалымдары коронавирусты 10 секундта анықтай алатын құрылғы ойлап тапты.

Университет сайтындағы ақпаратқа сай, атаулы құрылғы «Diagnovir» деп аталады. Аппарт сілекей сынамасынан коронавирусты анықтауға ыңғайланған. Ол үшін үлгіні арнайы қоспамен араластырады, содан кейін жұқпалы инфекцияларды анықтау үшін чипке салады. Егер биосенсор инфекция бар екенін анықтаса, құрылғының оптикалық жүйесі жарықтың түсін өзгертеді. Коронавирусты сканерлеу процесі 10 секундтан аспайды.

Ғалымдардың айтуынша, құрылғының тиімділігі 99 пайыз дәл көрсеткен. Онда қолданылатын технологияны түрік мамандары 7 айда жасап шыққан болып, бұл жаңа құрылғы тек коронавирусты ғана емес, басқа патогендерді де анықтай алады. Қазіргі уақытта құрылғыны патенттеу жоспарлануда.