Коронавирустан сауыққандар саны 160-тан асты
Қытайдан медициналық мамандардан құралған 15 кісілік топ Өзбекстанға коронавирусты емдеуге көмектесу үшін келді
Өзбекстанда коронавирустан емделгендер қатары тағы 8 кісіге көбейіп 164-ке жетті деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Сондай-ақ вирустан жапа шеккен аурулар саны бүгін таңда тағы 45 кісіге артып жалпы 1450 кісіні құрады. Ал республикада карантиндік бақылауға алынған азаматтар саны 92 мыңнан астам. Олардың 70 мыңы үй жағдайында оқшауланған болса, 21 мыңнан асығы медициналық орталықтарда бақылауға алынған. Бүгінге дейін вирус жұқтырғандардың 4-ті қайтыс болды.
Елдегі ахуалдың оңалуына байланысты қуанышты хабар, кеше Қытайдан медициналық мамандардан құралған 15 кісілік топ Өзбекстанға осы індетті емдеуге көмектесу үшін келген болатын.