Коронавирустан кейін Борис Джонсонның көру қабілеті нашарлаған
12 сәуірде ол індеттен емделіп шықты және 27 сәуірден бастап өз жұмысына қайта кіріскен
Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон коронавирусқа шалдыққаннан кейін оның көзі нашар көретінін айтты.
Бұл жөнінде баспасөз отырысында мәлімдеген премьер-министр, індеттен кейін ол алғаш рет көзілдіріктің көмегіне жүгінгенін айтып, көзінің көруі нашарлағанын коронавируспен байланыстыруда.
Борис Джонсон 27 наурызда коронавирусқа шалдыққанын өз твиттерінде видеоүндеу арқылы хабарлады. Бірақ бұл ауру онда жеңілі екенін айтып, үйден жұмысты жалғастыруын білдірген болатын. Алайда күн өткен сайын Джонсонның жағдайы нашарлап ол дәрігерінің нұсқауымен 5 сәуірде ауруханаға жатты. Бір күн өткен соң оның жағдайы күрт нашарлап кеткені хабарланып, жансақтау бөліміне өткізіледі.
12 сәуірде ол індеттен емделіп шықты және 27 сәуірден бастап өз жұмысына қайта кіріскен.