Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Коронавирус жайлы тараған қауіпті алғаш айтқан қытайлық дәрігер көз жұмды
11:28 / 2020-02-07

Оның өлімі жайлы ақпарат қоғамда бүлік тудырмау үшін жансақтау бөлімінде деген жалған хабарлама берілген


Жер-жахандағы тіршілік иесіне қауіп төндірген тәжвирусының қаупі жайлы алғаш рет адамзатты ескерткен дәрігер Ли Вэньлян, 7 ақпан күні Уханьдағы госпитальде коронавирустан қаза тапты.

Осы хабар желіге тараған уақыттан бірнеше сағат өтіп Global Times басылымы оны тірі екенін жазып, қазірде ол жансақтау бөлімінде екендігін айтады. Дәл осындай хабарлама аурухананың әлеуметтік желісі Weibo-да пайда болып, South China Morning Post өз хабарламасын желіден өшірген. ВВС-дің жазуынша бұл хабар желіде қатты талқыға түскендігінің арқасында биліктегілер оның өлі дегнесін өмір жалғастырушы жүйеге жалғап қоюды бұйырып, осылайша оның «өлгендігі жайлы» хабарламаны «ауыр жағдайда» дегенге өзгертуді тапсырып қоғамдағы бүлікті басуға ұрынған.

34 жатағы дәрігер Ли Вэньлян 2019 жылдың желтоқсан айында белгісіз вирус жұқтырған аурулар жайлы өз әріптестерін ескертіп, бастапқыда ол атипик пневмонияның өршуіне әкелетіні жайлы WeChat арқылы көпшілікке хабарлаған. Алайда оның хабарламасын көрген Қауіпсіздік қызметі қоғамда бүлікті болдырмау үшін оны жалған ақпарат тараттым деп айтуға мәжбүрлеп жазаға тартты. Арадан біраз уақыт өткен соң коронавирус өз шарықтау шегіне шығып үлгерген еді. Бұл уақытта дәрігер Ли Вэньлянның өзі де осы індетті жұқтырып алғандығының арқасында қаза болды.