Коронавирус жұқтырған тағы 124 азамат тіркелді
Ел аумағында коронавирус жұқтырғандар санынан бөлек індеттен көз жұмғандар қатарыда артып келеді. Соңғы екі күнде 4 кісі қаза болған
Өзбекстанда 1 шілде күнгі таңғы мәліметтер бойынша елде коронавирус жұқтырғандар қатар 124 кісіге көбейді.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарына сай таңғы сағат 10:00 уақытымен республикадағы жалпы індет расталған жағдай 8627 кісіге жеткені айтылады.
Жаңадан вирус жұқтырғандардың 85 карантиндегілер арасында, 24 Ташкент қаласында, Ташкент облысы (2), Бухара(5), Хорезм(7), Қарақалпақстан(1) аймағында тіркелген.
Бүгінге дейін аурудан сауыққандар саны 5682 кісіге жетіп, 26 азамат індетен көз жұмған.
Ел аумағында коронавирус жұқтырғандар санынан бөлек індеттен көз жұмғандар қатарыда артып келеді. Соңғы екі күнде 4 кісі қаза болған. Қазіргі уақытта республикалық ауруханаларда 2919 науқас індетпен күресуде, олар арасында 21 азаматтың жағдайы ауыр, 5 жанның халі өте ауыр делінген министрлік хабарында.