Коронавирус жұқтырған Петр Порошенконың жағдайы нашарлады
29 қыркүйекте коронавирус жұқтырғаны белгілі болған Украинаның экс-президенті Петр Порошенконың жағдайы нашарлаған
29 қыркүйекте коронавирус жұқтырғаны белгілі болған Украинаның экс-президенті Петр Порошенконың жағдайы нашарлаған.
3 қазанда пневмониямен ауруханаға жатқызылғаннан кейін Петр Порошенконың жағдай нашарлағаны жөнінде оның әйелі Марина Порошенко хабарлады.
«Ол ауруханада, кешенді ем қабылдауда. Өкінішке орай оның қазіргі жағдайы ауыр. Қанының тым қоюланып кеткендігінен дәрігерлер оның денсаулығын бақылау үшін тіпті анализ жасай алмай отыр», - деген ол.
Бұдан бөлек Порошенконың қызы Евгения да коронавирусты жұқтырғаны анықталған бірақ оның жағдайы жақсы екені айтылғады. Ал, Петр Порошенкоға қазіргі кезде екі жақты пневмония диагнозы қойылған.