Коронавирус: Өзбекстандағы ауруханаларға түскен науқастардың саны 2700-ден асты
Өзбекстанда соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған азаматтар 328-ге көбейіп, ресми тіркелгендер саны 89 355-ке жетті.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 25 сәуірде ең көп індет жұқтырғандар Ташкент қаласында тіркелген (174 адам) болса, кейінгі кезекте Ташкент облысы екені белгілі болды (67 адам).
Сондай-ақ осы күні 212 азамат індеттен сауығып шықты және екі кісі көз жұмды, делінген ДСМ хабарында.
Бүгінгі таңда елдегі сауыққандар саны 85 976-ны құрауда. Өлім саны 645-ке жетті.
Қазір еліміздегі ауруханаларда 2734 науқас дәрігерлердің қарауында. Оның 238-ы ауыр жағдайда, 113-і ауыр халде.