Коронавирус: Өзбекстандағы ауруханаларға түскен науқастардың саны 1600-ден асты
Өзбекстанда соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған азаматтар 212-ге көбейіп, ресми тіркелгендер саны 85 503-ке жетті. Бұл биылғы күндік науқас тіркелген рекордты көрсеткіш.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 13 сәуірде 175 азамат індеттен сауығып шықты. Бүгінгі таңда елдегі сауыққандар саны 83 264-ті құрауда.
Қазіргі уақытта республикада 1605 науқас ауруханада дәрігерлер бақылауында қалуда. Олардың 229-ның жағдайы ауыр, 104 науқастың хәлі өте ауыр екендігі айтылған.