Коронавирус: Өзбекстандағы антирекорд жаңарып, пневмония дерегі пайда болды
Өзбекстанда коронавирустық жағдай күн сайын нашарлай түсуде. ДСМ-нің соңғы дерегінше кеше 1390 азаматта инфекция анықталған. Бұл пандемия басталғалы тіркелген жаңа рекордты көрсеткіш.
«2022 жылдың 21 қаңтар күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялар саны – 212 289 (+1390) жетті», - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Пневмония жағдайы бойынша кеше 289 адам тіркелген.
Соңғы дерек бойынша 21 қаңтар күні республикада 437 азамат сауығып, 4 коронавирусқа шалдыққан науқас қайтыс болды.
Қазіргі кезде елдегі сауыққандардың жалпы саны 202 149-ға жетіп, құрбандар саны 1536 құрауда.