Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Коронавирус: Өзбекстанда тәуліктік ауру жұқтыру саны 700-ден асты
12:14 / 2022-01-13

ДСМ Өзбекстанда күн өткен сайын ауру жұқтырғандар саны артып келе жатқанын, соңғы тәулікте тағы 714 адам коронавирус жұқтырғанын және аурудан 3 науқас қайтыс болғанын хабарлады.

«2022 жылдың 12 қаңтар күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялар саны – 202 473 (+714) жетті», - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Соңғы 7 күндік жағдайға назар аударсақ, аурулар саны жылдам өсіп жатқаны байқалады:

  • 6 қаңтар – 251;
  • 7 қаңтар - 214;
  • 8 қаңтар – 369;
  • 9 қаңтар – 389;
  • 10 қаңтар – 425;
  • 11 қаңтар - 604;
  • 12 қаңтар – 714.

Жаңадан ауру жұқтырғандардың басым бөлігі Ташкент қаласында тіркелген – 387 адам.

Сондай-ақ, кеше тәулік бойы республикада 228 азамат сауығып, 3 коронавирусқа шалдыққан науқас қайтыс болды. 

Қазіргі кезде елдегі сауыққандардың жалпы саны 197 703-ке жетіп, құрбандар саны 1508 құрауда.