Коронавирус: Өзбекстанда өткен тәулікте 175 адамнан індет анықталды
Өзбекстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 175 азамат тіркеліп, 3 ауру жұқтырған жан қайтыс болды.
«2021 жылдың 21 желтоқасан күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялар саны – 197 566 (+175) жетті», - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
ДСМ-нің соңғы дерегінше 21 желтоқасан күні тәулік бойы республикада 267 азамат сауығып, 3 коронавирусқа шалдыққан науқас қайтыс болды.
Қазіргі кезде елдегі сауыққандардың жалпы саны 194 479-ға жетіп, құрбандар саны 1468 құрауда.