Коронавирус: Өзбекстанда өткен тәулікте 16 азамат індет жұқтырды
15 мамыр аптаның жексенбі күні Өзбекстанда 16 адам індет жұқтырып 25 азамат сауығып шықты.
«2022 жылдың 15 мамыр күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялардың саны – 238 818 (+16) жетті», - делінген ДСМ хабарламасында.
Сонымен қатар, өткен тәулікте 25 азамат сауығып шыққан. Оның 2-сі Ташкент облысында, қанған 23-і Ташкент қаласында тіркелген.
Қазіргі уақытта елдегі сауыққандардың жалпы саны 236 999-ға жетіп, көрсеткіші 99 пайызды құрауда.