Коронавирус: Өзбекстанда тағы екі науқас қайтыс болды
16 мамыр күні Өзбекстанда тәулік бойы 223 азаматтан коронавирус инфекциясы анықталып, екі науқас қаза болды.
ДСМ-нің мәліметінше, республикада індет жұқтырғандардың жалпы саны қазір 96 893-ке жетті.
Соңғы ақпарат бойынша өткен тәулікте 192 адам сауығып шыққан және екі індет жұқтырған науқас қаза тапты. Бүгінде аурудан сауыққандарқатары 92 303 (сауығу көрсеткіші 95 пайыз) құрауда. Өлім саны 670-ке жеткен.
Дәл қазіргі сәтте республикадағы ауруханаларда жалпы 3920 науқас дәрігерлер бақылауында емделуде.