French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Коронавирус: Өзбекстанда тағы 10 кісіде індет анықталды
10:19 / 2020-05-06

Соңғы күнгі мәліметтер бойынша Өзбекстанда коронавирусқа байлансты жағдай жақсарып келеді


Өзбекстанда 6 мамыр күнгі таңғы мәліметтер бойынша елде тағыда коронавирус жұқтырғандық 10 жағдай тіркелген.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарына сай 6 мамыр таңғы сағат 10:00 уақытымен ел аумағында 10 вирус жұқтырғандық жағдайы тіркеліп, жалпы науқастар саны 2217 кісіге жеткен.

Соңғы күнгі мәліметтер бойынша Өзбекстанда коронавирусқа байлансты жағдай жақсарып келеді. Қазірде 1501 кісі аурудан емделген. Бұл нақты ауруханадағы науқастар санынан көп. 10 кісінің қаза болғанын қоса алғанда қазір емханада 706 науқас бақылауда.