Коронавирус: Өзбекстанда соңғы тәулікте 27 кісі індет жұқтырған
Өзбекстанда коронавирус індетін жұқтырғандар саны 21 ақпан күнгі жағдай бойынша 76 681 кісіге жетті.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, республика бойынша өткен тәулікте 27 азаматтан індет анықталып, 19 науқас сауығып шыққан.
Бүгінге дейін ел аумағында індеттен сауыққандар жалпы көрсеткіші 78 171-ге жетіп, өл өлім саны 622 құрауда.
Қазіргі уақытта республикада 888 науқас ауруханада дәрігерлер бақылауында қалуда. Олардың 153-нің жағдайы ауыр, ал 28 науқастың хәлі өте ауыр екендігі айтылған.