English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Коронавирус: Өзбекстанда соңғы тәулікте 208 адамда пневмония анықталды
11:41 / 2021-07-08

Денсаулық сақтау министрлігі Өзбекстанда соңғы тәулікте 490 адамда коронавирус, 208 адамда пневмония анықталғанын хабарлады.

«2021 жыл 7 шілдедегі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялардың саны 114529 (+490) жетті», - делінген мәліметте.

ДСМ-нің дерегінше, кеше ел аумағында 208 адамда пневмония анықталған.

Сондай-ақ, 7 шілде күні бойы републиканың 10 аймағынан 365 азамат сауығып, елдегі сауыққандардың жалпы саны 110 041-ге жеткені айтылады.

Өткен тәулікте 2 коронавирусқа шалдыққан науқас қайтыс болып, олардың саны 760 құрауда.