Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Коронавирус: Өзбекстанда соңғы 10 күнде сауығу көрсеткіші 16 пайызға өсті
23:50 / 2020-08-19

Өзбекстанда соңғы 10 күн ішінде коронавирсқа байланысты науқастардың сауығу көрсеткіші 16 пайызға өсті


Өзбекстанда соңғы 10 күн ішінде коронавирсқа байланысты науқастардың сауығу көрсеткіші 16 пайызға өсіп, жалпы сауыққандар саны 88 пайызды құрауда.

Денсаулық сақтау министрлігінің кешкі қорытынды мәліметі бойынша 19 тамыз тәулік бойы 594 жаңадан індет жұқтырғандар тіркеліп, 721 науқас сауққан және 5 ауру жан вирус кесірінен көз жұмған.

Соңғы дерекке сай елде 37 112 кісіде індет анықталғаны белгілі болып, олардан 32 944 жанның сауыққаны анықталды. Бүгінге дейін 248 науқастың өлімі тіркелген.

Қазіргі кезде ел аумағында 3920 ауру жандар дәрігерлер бақылауында қалуда. Олардың 330-ның жағдайы ауыр, 96 азаматтың хәлі өте ауыр екені айтылған.