Коронавирус: Өзбекстанда індеттен сауыққандар саны 107 мыңнан асты
Өзбекстанда 29 маусым күні тәулік бойы 647 азамат емделіп шығып елдегі жалпы сауыққандар саны 107 063-ке жетті.
Денсаулық сақтау министрлігі Өзбекстанда өткен тәулікте 487 адамнан вирус анықталғанын және 3 науқас қайтыс болғанын хабарлады.
«2021 жылдың 29 маусымындағы жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялардың саны 110 677 (+487) жетті», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, кеше үш коронавирус жұқтырған адам қаза болып, қазірде құрбандар саны 736 құрауда.
Қазіргі уақытта республикада 2878 науқас ауруханада дәрігерлер бақылауында емделуде.