Коронавирус: Өзбекстанда індеттен сауыққандар саны 100 мыңнан асты
Өзбекстанда 15 маусым күні тәулік бойы 342 азамат емделіп шығып елдегі жалпы сауыққандар саны 100 328-ге жетті.
Денсаулық сақтау министрлігі Өзбекстанда өткен тәулікте 350 адамнан вирус анықталғанын және 2 науқас қайтыс болғанын хабарлады.
«2021 жылдың 15 маусымындағы жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялардың саны 104 463 (+350) жетті», - делінген хабарламада.
Бұл соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткіш. Соңғы рет науқастанудың күнделікті саны 350-ден жоғары болған кез 13 мамырда байқалған еді.
Сондай-ақ, кеше екі коронавирус жұқтырған жан қаза болып, қазірде құрбандар саны 711 құрауда.
Қазіргі уақытта республикада 3424 науқас ауруханада дәрігерлер бақылауында емделуде.