Коронавирус: Өзбекстанда індет жұқтыру мен өлім саны күрт өсті
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша Өзбекстанда бір тәулікте коронавирусты жұқтырғандар саны 843-ке, пневмониямен ауырғандар саны 556-ға, ал қайтыс болғандар саны 8-артып, жаңа антирекорд тіркелді.
«2021 жылдың 27 шілдесіндегі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялардың саны 126 627 (+843) жетті», - делінген министрлік хабарында.
Жаңа жағдайлар:
- Қарақалпақстан Республикасында - 80 адам,
- Әндіжан облысында - 21,
- Бұхара облысында - 21,
- Жызақ облысында - 89,
- Қашқадария облысында - 24,
- Науаи облысында - 18,
- Наманган облысында - 31,
- Самарқанд облысында - 85,
- Сырдария облысында - 27,
- Сұрхандария облысында - 95,
- Ферғана облысында - 75,
- Хорезм облысында - 56,
- Ташкент облысында - 98,
- Ташкент қаласындағы 123 азаматта коронавирус жұқтырған жандармен байланыста болғанан кейінгі тест алынғандар арасынан анықталған.
Бұдан бөлек, кеше тәулік бойы 556 адамға пневмония диагнозы қойылды.
ДСМ-нің соңғы дерегінше, 27 шілде күні 8 науқас қайтыс болып, 825 азамат аурудан сауықты.
Бүгінде сауыққандардың жалпы саны 121 145-ке жеткен болса, өлім саны 853-ті құрауда.