Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Коронавирус: Өзбекстанда індет жұқтыру күн сайын өсіп келеді
11:02 / 2021-08-06

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша Өзбекстанда 5 тамыз күні тәулік бойы коронавирусты жұқтырғандар саны 974-ке, пневмониямен ауырғандар саны 547-ге, ал қайтыс болғандар саны 9 кісіге көбейген.

«2021 жылдың 5 тамызы күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялардың саны 134 826 (+974) жетті», - делінген министрлік хабарында.

Кеше тәулік бойы 547 адамға пневмония диагнозы қойылды. Қазірде олардың республикадағы жалпы саны 13 531 жетті. Өткен тәулікте 3 науқас қайтыс болған. Жалпы пневмониядан бүгінге дейін 90 азаматтың өлімі тіркелді.

ДСМ-нің соңғы дерегінше, кеше 9 науқас қайтыс болып, 882 азамат аурудан сауықты.

Бүгінде елдегі сауыққандардың жалпы саны 128 191-ге жеткен болса, өлім саны 916 құрауда.