Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Коронавирус: Өзбекстанда індет жұқтырғандар саны 90 мыңнан асты
10:16 / 2021-04-28

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, өткен тәулікте Өзбекстанда тағы 378 адам инфекцияны жұқтырғаны және осы уақытқа дейін коронавирустың 90 мыңнан астам жағдайы тіркелгені хабарланды. Ауруханаға жатқызылған науқастардың саны 2900-ден асты.

«2021 жыл 27 сәуірдегі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық науқастар саны 90008 (+378) жетті», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, кеше 269 науқас сауығып шыққан. Республикада жалпы олардың саны 86 449-ға жеткен.

Қазіргі уақытта республикада 2913 науқас ауруханада дәрігерлер бақылауында қалуда.